Мен үшін осы жылғы Жолдау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кейінгі жылдардағы барлық жүйелі мәлімдемелері сияқты ауқымы кең әрі көп салалы болды.
Шынында да жыл сайын Мемлекет басшысынан нақты міндеттер мен тапсырмалар күтеміз. Бұл жолы да қазақ жұртының Жолдауды үлкен үмітпен күткені рас. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылғы жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Осы жолғы жолдаудағы жаңа экономикалық бағыттарының мазмұны мен сипаты көптің көңілінен шықты деп ойлаймын.
Атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізуді тағайындау (биыл 6 қазанда белгіленген) мен аудандар мен облыс орталықтарының әкімдерін толық сайлауға көшу туралы шешімдер ең резонансты болған сияқты. Қасым-Жомарт Кемелұлы референдум туралы айта келе, мәселе «Естуші мемлекет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру туралы болып отырғанын атап өтті. «Біз болашақ туралы ойлауымыз керек», деп қосты және бұл дамыған елдердің атом энергетикасына жалпы бетбұрысы аясында салмақты дәйек.
Президент жолдауы мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін құжат екенін атап өтті. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық берудің маңызы зор болмақ.
Біздің ұлттық қауіпсіздігіміз туралы, әлемде болып жатқан текетірес, геосаяси жағдайдың өте қиындығы, тоғыз жолдың торабында тұрғандығымыз мемлекетіміздің, соған төнетін қауіптің көп болатындығы туралы да бұл жолы келелі терең әңгіме айтылды. Тоқетерін айтқан кезде биыл салмақты, салиқалы әңгіме болды.
Әрине, Жолдауда саяси, экономикалық, әлеуметтік тараппен қатар, әскер қатарындағы заң мен тәртіптің сақталуына да көңіл бөлді.
Ел Президентінің басты міндеттерінің бірі Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді.
Жас жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуге баратын әскерде заң мен тәртіптің сақталуы өте маңызды. Сарбаздар өз міндеттерін дұрыс орындай алуы үшін Қарулы Күштер мен басқа да күш қүрылымдарында ең алдымен темірдей тәртіпті қамтамасыз ету қажет.
Бұл міндетті біз Мемлекет басшысының алдымызға қойған тікелей тапсырмасы ретінде қарастырамыз. «Ұлттық ұлан –құқықтық тәртіп әскері болғандықтан, ешқандай араңдатушылыққа, ешкімге қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, мемлекеттің тұғырын шайқауға жол бермеуі тиіс. Ұлттық ұланның әр жауынгері өзінің жауапкершілігін арттырып, кәсіби шеберлігін пысықтап, әскери өмірде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды естен шығармағаны жөн.
Талғат Әбдіров,
6697 әскери бөлімінің командирі,
полковник.