Қостанай облысында полиция қатарын 59 жас маман толықтырды

Қостанай облысында полиция қатарын 59 жас маман толықтырды

Жас полицейлер мен тәлімгерлердің кездесуі Қостанай облысының полиция департаментінде өтті. Іс-шараға бір жылдан аз жұмыс істейтін полицейлер мен жұмыс өтілі көп әріптестері қатысты. Олардың міндеті жас мамандарды полиция қызметіне бейімдеу.

Қостанай облысы ПД және оның аумақтық бөлімшелерінде 188 жас қызметкер жұмыс істеуде. Олардың 67 – і жоғары оқу орындарынан қызметке келді, қалған 121 – і оқу орталықтарының түлектері.

Қостанай облысы полиция департаменті кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қуаныш Дүйсебаев жас қызметкерлерге құқық қорғау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, ел басшылығы мен ішкі істер министрлігінің полиция қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсартуға, тиімді қызмет ету үшін жағдай жасауға бағытталған шаралары туралы айтып берді.

Жас қызметкерлердің алдында Қостанай облысы ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев сөз сөйледі. Ол полицейлерді ведомствоның дәстүрлерін абыроймен сақтауға және құрметтеуге шақырды.

Жанат Бекмағамбетовтың әкесі ҚР Ішкі істер органдарының ардагері. Жанат та әкесінің ізімен құқық қорғау органы саласында еңбек ететін болады.

– Менің әкем полиция қызметінде жұмыс істеді. Қазір ол зейнетке шықты. Бала кезінен оның кәсіби жолын жалғастыру керек деп ойладым. Мамандықты беделді деп санаймын, – деп атап өтті Жанат Бекмағамбетов.

Қостанай облысының полиция департаментінде 600-ден астам әйел қызметкер жұмыс істейді. Жас маман -Ганна Сосновская Рудный қалалық полиция басқармасында тергеуші болып жұмыс істейді.

Қостанай полициясының қатарын 59 жас қызметкер толықтырды. Олар ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 54 түлегі, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4 түлегі және ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бір түлегі.

 

Жаңалықтармен бөлісу