“Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды 

“Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды 

“Қостанай таңы” газетінің директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

Қазмедиа орталығында Кенжеш Оразғалиқызына ҚР Бас редакторлар клубының Президенті Бибігүл Жексенбай төсбелгіні табыс етті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Бөкенбайқызы бастама болып, өңірлерде ұзақ жылдар бойы отандық ақпарат саласын дамытуға үлес қосып жүрген БАҚ басшыларының еңбегін бағалап, осылай әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

“Қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін, оқырман, көрермен, тыңдаушы халық алдындағы жауапкершілігі зор, журналистика саласында, жаңаның, жаңалықтың жаршысы бола отырып, қоғамға еңбек ету менің таңдауым. Алдағы мақсат берік, жаңа жобалар, атқарар игі істер ел игілігі үшін”, – дейді марапат иесі.

Кенжеш Оразғалиқызы отандық ақпарат айдынында 27 жыл еңбек етіп келе жатыр.

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу