Астанада өткен Мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы шағын футболдан Қазақстан Республикасының QAZAQSTAN QYZMET CUP чемпионатына республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 20 команда қатысты.
ДИНАМО ПД құрамасы 7 ойын өткізді. Жартылай финалға өтіп, 3:1 есебімен ҰҚК командасын жеңді.
Жалпы командалық жетістіктермен қатар, турнирде үздік ойыншылар да анықталды.
“Үздік шабуылшы” атағына Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ қызметкері Әсет Қожамбетов ие болды. Оның техникасы мен шабуылдары чемпионаттың сәніне айналды.