Аманкелді ауданында су тасқыны кезінде баспанасыз қалған Амантоғай, Ағаштыкөл ауылдық округ тұрғындарына үйлердің кілті табыс етілді.
Рәсімге Аманкелді ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сүндет Ғаниев, аудан әкімінің орынбасары Малшыбай Қаласов және жергілікті билік өкілдері қатысты.
Ел тұрғындары және өзге де ынта білдіруші қауым үйдің иелерімен бірге лента қию рәсімін жасады. Қоныстанушыларға құтты қоныс айтып, жанұяларына береке, бірлік тіледі.
– Қоныс той иелері Президент тапсырмасына орай қаржы бөліп, жаңа үй салып берген «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қор өкілдеріне алғыстарымызды білдіреміз. Төтеннен келген апат оңай соқпады. Енді елімізде ондай зардап келмесін дегім келеді, – дейді аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Жолдыбекұлы.
Іс-шара да мәдениет бөлімінің өнерпаздары әуелете ән шырқады. Қуанышты бөлісе келген қоныс той иелерінің жақындары шашу шашып, қариялар бата берді.
Айбол Өміртаев
ҚӨУ студенті
Аманкелді ауданы