Уақытша тоқтатылды

Уақытша тоқтатылды

Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылдың 29 наурызы сағат 08.00-ден (Астана қаласы уақытымен) бастап Жітіқара ауданының аумағындағы Ресей Федерациясы Челябі облысының “Мариинский” ресейлік өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан “Желқуар” автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз.

“Желқуар” автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті

 

Жаңалықтармен бөлісу