Полицейлер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтарды қатаң бақылауға алды

Полицейлер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтарды қатаң бақылауға алды

Қостанайда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарды бақылау үшін полицейлер электронды білезіктерді қолдану шараларын жалғастырып жатыр деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мұндай білезіктер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық құқық бұзушылық жасау үшін сотталған Әкімшілік қадағалаудағы адамдарға тағылады.

Электрондық бақылау құралы, ең алдымен, жазаны өтеу шарттарын үнемі бұзатындарға қолданылады.

Жергілікті полиция қызметі заңды талаптарды орындамаған сотталғандарды ерекше бақылауға алды.

Осы мақсатта Қостанай қаласының полиция басқармасына осындай 20 бақылау құрылғысы бөлінді.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернұр Алтаевтың айтуынша, білезіктер су өткізбейді, жеңіл, кию кезінде қандай да бір ыңғайсыздық тудырмайды. Оны әдейі өздігінен алып тастау мүмкін емес. Мәселен, есепті тұлға учаскелік полиция инспекторларының тәулік бойы бақылауында болады.

“Байланыстырылған қосымша арқылы біз бақыланатын адамның нақты орналасқан жерін, сондай-ақ оның күні бойы қозғалысын білеміз. Егер ол сот шешімімен тыйым салынған жерге барса (мысалы, ол ойын – сауық мекемесіне барады), біз тиісті шараларды қолданамыз”, – деді ЖПҚ бастығы.

Сот белгілеген шектеулер бұзылған жағдайда адамға қатысты ҚР Қылмыстық-атқару кодексі 169-бабы қолданылады және жазбаша түрде ескерту шығарылады. Полиция бірнеше рет бұзушылықтар жасаған жағдайда сот алдында адамды бас бостандығынан айыру орындарына қайтару туралы мәселе қозғалады.

Айта кетейік, Қостанай қаласының жергілікті полиция қызметінде 121 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және 26 адам есепте тұр, оларға қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген.

 

Жаңалықтармен бөлісу