Алғашқы қоңырау кімдерге соғылады? pixabay.com

Алғашқы қоңырау кімдерге соғылады?

Биылғы жылдың алғашқы қоңырауы демалыс күніне тұспа-тұс келіп тұр. Ал алғашқы қоңырау бірінші қыркүйекте соғылмақ. Сондықтан қоңыраудың сыңғыр үні тек 1-ші және 11-ші сыныптар үшін ғана соғалытан болады.

Ал, қалған сыныптар Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатыспайды. Оларға жаңа оқу жылы екінші қыркүйектен басталмақ. Бұл туралы еліміздің оқу-ағарту министрлігі хабарлаған еді.

Сол күні алдымен бірыңғай сынып сағаты өтіп, әрі қарай сабақ кестеге сай жалғасады. Ал жексенбіде өтетін алғашқы қоңырауға қатысқан ұстаздарға ақы төленеді немесе мұғалімдер басқа күні демалыс алуға құқылы.

“Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді. 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте “Мектебім – мейірім мекені” тақырыбында салтанатты шара өтеді.  2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні  – “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады”, – делінген министрліктің хабарламасында.

     Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу