ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ өзінің 70 жылдығына орай Рудныйдағы оқу орындарына тамаша тарту жасады.
Қала күні мерекесінде кәсіпорынның Бас директоры Сергей Напольских колледждер мен индустриялық университет ұжымдарына «ERG сыныптарын» жабдықтауға қажетті қаржы сертификаттарын табыстады.
Қомақты қаражатқа интернетке шығатын интерактивті тақталар, компьютерлік симуляторлар, VR-көзілдіріктер және басқа да оқу құралдарын сатып алу көзделген. Заманауи жабдықтар бірқатар жұмысшы мамандықтар бойынша оқытудың жаңа тәсілдерін қамтамасыз етеді. Білім беру жобасын іске асыруға жалпы сомасы 180 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Қазақстанның колледждерімен өзара жұмыс шеңберінде Еуразиялық Топ түрлі мамандық бойынша «ERG сыныптарының» тұтас желісін құруды ұйғарған. Барлық кәсіптік оқу орындарындағы кабинеттер бірыңғай дизайнмен әрленеді. Сатып алынатын жабдықтардың өзіндік ерекшелігі болады.
«ERG сыныптары» мамандарды, ең алдымен, кәсіпорында сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау және оқыту тәсілдерін жақсартуға мүмкіндік береді, –деп атап өтті «ССКӨБ» АҚ Бас директоры Сергей Напольских. – Ең маңыздысы, Рудный колледждері мен университетіндегі жабдық біздің өндіріс процесіне сәйкес келеді. Темір дивизионын ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы фабрикалық қайта құруды және ыстық брикеттелген темір өнімдерін шығаратын зауыт салуды қамтиды. Сондықтан бүгінгі таңда біз үшін жоғары білікті мамандар бұрынғыдан да маңызды».
Рудный кәсіби оқу орындарын жыл сайын тәмамдайтын мамандардың көпшілігі Темір дивизионының өндірістік алаңдарында еңбек жолын бастайды. «ERG сыныптарының» арқасында бірқатар сұранысқа ие мамандық бойынша түлектер кәсіпорындағы жұмысқа бейім болып шығатыны айтылып отыр.
«Бұл бағдарлама – ERG компаниясымен және «ССКӨБ» АҚ, атап айтқанда, біздің көпжылдық ынтымақтастығымыздың кезекті қадамы. Бұл кәсіпорын үшін жұмысшы персоналды даярлауды одан да тиімді етуге мүмкіндік береді. Біз қала құраушы кәсіпорынның ұжымына өте ризамыз, соның арқасында колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жаңартылып отырады», – дейді Рудный тау-кен технологиялық колледжінің директоры Қайсар Канешев.
Бүгінгі таңда ERG кәсіпорындары үшін жұмысшыларды даярлаудың қазіргі заманғы форматы бұрынғыдан да маңызды. Сондықтан колледждер мен университеттерде оқытудың өнімді әдістерін енгізу жұмыстары міндетті түрде жалғасын таппақ.