Басқосу облыстық әкімдіктің, Атамекеннің қолдауымен өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне көтеру, жаңа білім мен тәжірибе беру, сондай-ақ әйел кәсіпкерлердің арасында өзара байланыс пен қолдауды нығайту.
“Әйел кәсіпкерлер одағы жиырма жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Оларға тәлімгерлік дағдыларды үйрету бағдарламасы бүгінде кеіңнен жүзеге асып жатыр. Кәсіпкерлік жолды жаңа бастаушыларға көрсететін қолдау мен осындай кеңестер аса маңызды. Ол қызметтің тиімділігін арттыру үшін қажетті дағдыларды дамытуға арнайы бағдарламалар қолданылады. Әйел кәсіпкерлерге арналған көшбасшылық дағдылары мен қабілеттерін дамыту біз үшін аса маңызды”, – деп атап өтті ҚР әйел кәсіпкерлер одағының төрағасы Меруер Қожанова.
Қатысушылардың арасында логопедтер, бәліш және торт пісіретіндер, ауыл шаруашылығымен айналысатындар, сондай-ақ машина салоны бар кәсіпкерлер бар.
Осы әртүрлі саладағы әйелдер өз тәжірибелерін бөлісіп, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
“Бұл іс-шара кәсіпкерлік қоғамдастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа шешімдер мен идеяларды бірге іздейді”, – дейді облыс әкімінің отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі кеңесшісі Гүлмира Қапенова.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санадырының бірінен оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков