Терргеу актісі заңсыз деп танылды

Терргеу актісі заңсыз деп танылды

2024 жылғы 20 тамызда Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында талап қоюшы жеке кәсіпкер Б.-ның жауапкер “Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы” мемлекеттік мекемесіне топтық жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін арнайы тергеу актісін даулау туралы әкімшілік талабын қанағаттандыру туралы сот шешімі жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 12.36-да Қостанай облысының төтенше жағдайлар Департаментіне жеке кәсіпкер Б.-ның жер аумағында, 280 шаршы метр алаңда ғимараттың құлауына және 5 шаршы метр алаңда өртке әкеп соққан жарылыс болғандығы туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Аталған факт бойынша Қостанай облысының төтенше жағдайлар Департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді.

Ғимараттың құлауына және оның өртенуіне әкеп соққан жарылыс нәтижесінде ғимараттың бір бөлігін жеке кәсіпкер Б.- дан жалға алған  «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үш қызметкері қайтыс болған.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасының бұйрығымен топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия тағайындалды.

2023 жылы 11 желтоқсанда ЖК Б.-ның және «К» ЖШС-нің  қызметкерлерімен  болған топтық жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау бойынша 2023 жылғы 12 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 27 мамырға дейінгі кезеңде жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша арнайы тергеп-тексеру актісі жасалды, оған сәйкес «К» ЖШС-нің  және ЖК Б.-ның қызметкерлерімен болған жазатайым оқиға өнідіріске байланысты деп саналады.

Аталған арнайы тергеу актісіне сәйкес, комиссия жұмыс беруші ЖК Б.-ның жұмыс өндірісін қанағаттандырусыз ұйымдастырып, бос көлемде жарылыс қауіпті газ-ауа қоспасының пайда болуына жол беріп, ол кейін, «Газель» маркалы автокөлігінде орнатылған газ баллонының жарылысы барысында оның бөлмеде дефлаграциялық (жарылыс) жануымен аяқталған, соның нәтижесінде құрылыс құрылғыларының құлауына әкеп соқтырған қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзды деген қорытынды жасады. Сонымен қатар жұмыс орындарында және технологиялық үрдістерде кәсіптік қатердің алдын алу жөніндегі шараларын қабылдамаған, ол жеке кәсіпкерБ.және «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерлерінің өліміне және жарақат алуына әкеп соқтырды.

Сот отырысы барысында, жауапкердің арнайы тергеуді жүргізу кезінде жол берген көптеген процестік бұзушылықтардың анықталуынәтижесінде жазатайым оқиғаны арнайы тергеу актісі заңсыз деп танылды және оның күші жойылды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Жаңалықтармен бөлісу