Бүгін кешке Қостанай-Мамлют автожолының 26-шақырымында 34 жастағы Volvo жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай кюветке аударылды.
Ол Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентінің ет комбинаттарының біріне 23 бас ірі қара мал апара жатқан.
Апат салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Бірнеше сиыр жарақат алды.
Полицейлер тасымалданатын жүкке құжаттардың бар екеніне көз жеткізді.
“Қазіргі уақытта оқиға орнына манипулятор келді, оның көмегімен жануарларды тиеу жүзеге асырылады. Содан кейін сиыр тиелген көлік полицейлердің ілесіп жүруімен межелі жерге жеткізіледі. Барлық мән-жайларды анықтағаннан кейін жүргізушінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.