Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «AMANAT» партиясы бастаған «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының маңыздылығын атап өтіп, оны елдің барлық өңірлерінде кеңейтудің қажеттілігін айтты.
«Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, дұрыс тұтыну мәдениетін қалыптастыру, азаматтарға банктік қарыздар мен микронесиелер бойынша проблемалық берешектерді реттеуге көмектесу, қаржылық жоспарлау және бюджет басқару бойынша кеңес беру.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен Мәжіліс Төрағасы «AMANAT» партиясы бастаған «Қарызсыз қоғам/Общество без долгов» білім беру жобасын кеңейтудің Жол картасын бекітіп, жобаны кеңейту бойынша мемлекеттік органдармен және екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қостанай облысында жоба қарқынды жүзеге асырылуда, оқу биылғы жылдың 5 ақпанынан басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам азамат оқудан өтті.
Жоба аясындағы оқыту күзде Арқалық, Лисаковск қалаларында, сондай-ақ Алтынсарин және Қарабалық аудандарында жалғасады.
Айта кету керек, 12 тамыздан бастап осы жобаның тағы бір бағыты – ел бойынша 7500 педагогты (мектеп мұғалімдері, колледж және ЖОО оқытушыларын) оқыту басталды.
Оқу бағдарламасын 33 кәсіби және техникалық білім беру ұйымының оқытушылары, сондай-ақ облыстың қалалық және аудандық білім бөлімдерінің 25 әдіскері аяқтап, олар өз кезегінде аудандар мен қалалардағы 400-ден астам мұғалімді дайындайды. Тамыз айының соңында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде осы курстарға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ЖОО өкілдері қатысады.
Жобаның осы бағытының мақсаты – оқушылар мен студенттердің өздері мен жақындарына қаржылық жауапкершілік, жинақтау және жоспарлау мәдениетін қалыптастыру, ал бұл болашақ қарызсыз қоғамның негізі!