ETHNO FASHION WEEK:  үздік этноүлгідегі киімдер топтамасы   

ETHNO FASHION WEEK: үздік этноүлгідегі киімдер топтамасы  

Қостанайда екі күнге жалғасқан ETHNO FASHION WEEK ерекше сән көрсетілімі өтті. Онда елеміздің 15 дизайнері және Қырғызстаннан келген дизайнерлердің қолынан шыққан киімдер таныстырылды.

Сән көрсетілімінің алғашқы күні 6-15 жас аралығындағы балалардың қатысуымен этносән көрмесі болды. Онда ұл-қыздар ұлттық киім үлгілерін көрсетіп, қазақ мәдениетінің бай екенін танытты. Екінші күні үлкендердің сән көрсетілімінде, 20-30 жас аралығындағылар көнерген дәстүрлі мәдениетті заманауи сәнмен үйлестірген киімдер киіп шықты. Дизайнерлер ұлттық нақыштағы киімдерді жаңа әрі ерекше формада тігіп, тіпті құлпыртып жіберген.

Этникалық жобалардың авторы Сәуле Қабидулова елімізде осындай көрмелерді жиі өткізген жөн деп санайды. Сонда қазақтың ұлттық киімін әлем танып, мәдениетімізбен, ұлттық салт-дәстүрімізбен жақынырақ танысуға қызығушылықтары артады деген пікірде.

 “Көрменің көздегені де қазақстандық сән көрмелерін дамыту, қазақ мәдениетін насихаттау. Жас және орта буын арасында өзіміздің ұлттық ұлттық киімімізді дамыту. Ұлттық киімдерге ерекше сән берілген. Бұл тұрғыда стильді түсіне білу қажет. Көптеген дизайнерлер өздерінің бірнеше топтамасын ұсынды. Қостанайдағы дизайнерлерді ді қолдаймыз. Жұмыстары тамаша, көптің көңілінен шықты”, – дейді Сәуле Қабидулова.

Көрсетілімде дизайнерлер ұлттық киімдерді заманауи стильмен үйлестіріп, мықты топтамалар ұсынды. Қазақтың ұлттық киімдері өзінің бай түстерімен, әшекейлермен және бірегей кестелермен ерекшеленді. Дизайнер шапан, камзол, сәукеле, кимешек сияқты ұлттық киім элементтерін жаңа тәсілмен тігіп, замануи сәнге бейімдеген.

“Қостанай қаласына екінші келуім. Бірінші көрсетілімде дизейнерлер көп болмаған еді, осы жолы аймақтардан көптеп келіпті. Қырғызстаннан да келіпті. Бұл іс-шараның халықаралық деңгейге көтерілгенін аңғартады. Өзім бұл көрсетілімге он киім үлгісін алып келдім. Қостанай облысында этостильдегі киім үлгілерін әлі де насихаттай түсуіміз қажет. Қазақ халқы көшпенді болғаннан кейін табиғатпен тығыз байланыста болған. Сон себепті, киімдер де кигенде ыңғайлы, табиғи, таза матадан тігілгені жақсы. Өзім киімдерді мақта матасынан тігемін. Әр түрлі сырып тігіп, бұйымдармен көркемдеймін. Матаның түсіне аса мән берген жөн. Бұрын далалық, ежелден келе жатқан түстерді пайдалануға тырыстық”, – дейді Алматылық этно-дизайнер, AIGULLAIN  брендінің авторы Айгүл Жансерекова.

Қырғызстанна келген дизайнер таныстырылымға оннан аса киім үлгісіп алып келіпті.

 “Осы сән үлгісін ұйымдастырған Сәуле және Карина ханымдарға алғысым шексіз. Біз өзі ұлттық киіміміздің тарихын білуіміз керек және өзгелерге де таныта белуіміз шарт. Сән көрмесіне Шыңғыс Айтматовтың “Ранние журавли” атты шығарма жұмысына негізделген 1 коллекция, 12 образда киім алып келдік. Сонымен қатар біздің студенттеріміздің де жұмыстары бар. Бір коллекцияда  9 образ бар. Көрсетілім барысында киім үлгілерін ұсынған жас сәнгерлердің шығармашылық көзқарасы ерекше назар аудартты. Олардың жұмыстарында дәстүр мен заманауи стильдің бірлігі көрініс тапты. Әрбір сәнгер ұлттық киімдерге өз ерекшеліктерин қосып, оларды жаңа заманға сай етіп ұсынған”, – дейді қырғызстандық дизайнер, Еуразиялық ұлттық дизайн академиясынның мүшесі Элиза Тентіқызы.

Асия Исмайловның осы салада жүргеніне үш жылдай болған. Оның міндеді дизайнерлер бар өнерін салып тіккен киімді, ел алдында жарқыратып көрсету.

  “Сән әлемінде жүргеніме үш жыл болды. Әр сахнаға шығардың алдында қобалжу болады. Бұл көрсетілімнің діттегені ұлттық сән өнерін жаңа деңгейге көтеру болғандықтан, жас жаңадан бастап жатқан дизайнерлерді қолдауымыз керек. Дизайнерлер әр киім үлгісі үшін көп еңбектеңеді. Этностиль де модель болу менің болашақ маңсабымның бірі болатын. Міне арманыма бір табан жақындадым. Болашақта тағы да мықты дизайнерлермен жұмыс жасағым келеді”, – дейді модель Асия Исмайлова.

ETHNO FASHION WEEK көрмесі балалар мен жастардың  қазақ мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Мұндай іс-шаралар біздің рухани байлығымызды сақтап, келер ұрпаққа жеткізуде жетекші орын алатыны сөзсіз.

Ділназ САНТАЙҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген – Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу