Қаланың көркін бұзып тұрған заңсыз сауда нүктелерінің көзі жойылатын болады. Жерді заңсыз иемденіп, жеке саудасын қыздырғандарға жол берілмейді. Бүгін қалалық әкімдіктің қызметкерлері қала аумағында орналасқан заңсыз дүңгіршіктерді анықтауға шықты.
Осы уақытқа дейін жүргізілген тексеру жұмыстары арқылы осындай 10-нан астам сауда нүктелері алынып тасталған. Қаланың орталығында мемлекеттік меншіктегі жер учаскесінде заңсыз орнатылған дүңгіршектердің иелеріне алдын ала ескертіледі.
Егер жауап болмаса, заңды түрде алып тастап, айыппұл төлетуге тура келеді.
–Біз алдын ала сауда нүктелерінің иелеріне хабарласып, ескерту жасадық. Оларға белгілі бір уақыт беріледі. Осы аралықта ешқандай жауап болмаса біз басқаша жұмыс істей бастаймыз. Заң баршаға ортақ. Екі жылдың ішінде оннан астам дүңгіршек алынды. Енді тағы да 5-6 сауда орнын анықтадық, – дейді қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Жұмабеков.
Бұл мәселе қала әкімінің бақылауында. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлер заң бұзушылықтарды жоя бастады. Қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жалғаса беретін болады.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген – Бағдат Ахметбеков