Әдемі кештің куәгері болыңыздар!

Әдемі кештің куәгері болыңыздар!

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында 10 тамыз – Ұлы Абай күніне орай ашық дәріс өтетінін хабарлаймыз.
Дәрістің тақырыбы: «Өзіңнен өзің есеп ал». Абайдың он бесінші қарасөзі».

Дәрісті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали өткізеді.

Барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Ұлы ойшыл бабамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалатын әдемі кештің куәгері болудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Өтетін күні: 2024 жылғы 6 тамыз

Уақыты: 17.00-де

Өтетін орны: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67, 2 қабат, 202 аудитория.

Алдын ала тіркеу 8 777 373 88 73 WhatsApp нөмері бойынша жүреді.

Келіңіздер!
Кештің құрметті қонағы болыңыздар!

Жаңалықтармен бөлісу