Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 494 құқық бұзушы білімін тексеруге жіберілді. Шу шығарған 19 отбасы мүшелерінен қаруы тартып алынып, пайдалануға рұқсаттарының күші жойылды. Тиісті бақылаудың және уақытылы шаралардың жоқтығынан кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.
Ал, Қостанайдың бір тұрғыны сот қаулысымен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, уәкілетті орган оның қару қолдануға рұқсатын тоқтату шараларын қабылдаған жоқ.
“Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында тексерістер азаматтық қару айналымы саласындағы рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға негіз болады. Қару айналымы саласындағы заңнама нормаларын сақтау прокуратура органдарының ерекше бақылауында”, – делінген ресми хабарламада.
Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы азаматтық қару айналымы саласындағы заңнаманы қолдану мәселелерін талқылауында айтылды.