«Тарих тереңінен – болашақ биігіне»

«Тарих тереңінен – болашақ биігіне»

Жуырда Қостанай ауданы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде облыстық деңгейдегі семинар болып өтті. Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты: «Тарих сабақтарында инновациялық білім беру технологиялары негізінде білім беру сапасын арттыру» болды. Қостанай облысының түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер семинар барысында бір-бірімен тәжірибе алмасты. Ұлттық құндылықтан бастап дәріптелген семинар тарих тереңінен болашақ биігіне дейін қамтыды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Бахыткүль Күйшібаева мен семинар өтіп жатқан мектептің директоры Көпжасар Хажмұханов «Тарих сабақтарында инновациялық білім беру технологиялары негізінде білім беру сапасын арттыру» тақырыбында дәріс оқыды.

Осы аталған мектептің тарих пәнінің мұғалімі Дастан Қалиев «Білім алушылардың танымдық белсенділігін бәсекелестік ортаны ұйымдастыру арқылы дамыту» тақырыбында шебер сынып өткізді.

Тарих пәндерінің мұғалімдері Ақмарал Хамзина мен Сандуғаш Карманова ашық сабақ беру арқылы кешегі тарихты көз алдымыздан өткізді.

Сондай-ақ «Тарихты модификация- лаудағы тарихи деректерді талдау» коучингі семинар мұғалімдеріне тәжірибе алмасаудың биік шыңы болды.

Қорыта айтқанда, облыстық семинар өте жоғары деңгейде өтті. Жан-жақтан жиналған тарих мұғалімдері семинардан тәжірибе ғана емес, жақсы әсер алып тарасты. Осы ретте семинарды ұйымдас- тырған мемлекеттік тілде оқытатын

А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымына алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілеймін.

Гүлнар Әбдібаева,

Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Қостанай ауданы.

Жаңалықтармен бөлісу