ҚР Мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР халық білімінің үздігі, Қостанай қаласы мен Аманкелді ауданының құрметті азаматы Қалибек Деріпсалдин дүниеден өтті.
Қалибек Деріпсалдин 1953 жылы Аманкелді ауданында дүниеге келген. Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2005 ж.). Композитор, «Мирас» ансамблінің солисі болып бірнеше жыл еңбек етті, кейін осы ұжымға жетекшілік жасады.
Сазгердің 5 күйі мен 80-нен астам әні қазақ өнерпаздарының репертуарында орындалып жүр. Республикалық композиторлар конкурстарының бірнеше рет жеңімпазы. “Қимадан ба едің, қалқам-ай”, “Сарыторғайым”, “Туған жерім – Қостанай”, “Ер Торғай” және тағы да басқа өлең жинақтары бар. Марқұмның жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
«Қостанай таңы» газетінің ұжымы