Қостанайда журналистерге арналған тренинг өтті

Қостанайда журналистерге арналған тренинг өтті

Елімізге  алғаш инвесторлар ақша табуға  келе бастағанда билік  қалайда инвестор тартуды көздеді.  Ол кезде бизнес пен әлеуметтің арасындағы көпір болған жоқ. Жер қойнауын игеру шетелдік компанияларға қалай беріліп жатқанына халық нақты көз жеткізе алмады. Кейін белгілі бір деңгейде талап қойғанымен, ол туралы әлі күнге дейін ашық айтылмайды. Алайда кейбір құжаттарды тауып алатын мүмкіндіктеріміз бар. 

Бұл  жөнінде арнайы Алматыдан келген «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының өкілдері БАҚ өкілдері түсіндіріп берді. Іс-шараның демеушісі – ERG корпоративтік қоры.

«Қазір әлем бойынша ақпараттың ашықтығын қадағалап отыратын  бастамалар бар.   Билік өкілдері инвесторлармен жасаған келісімшарттарды ашық ресурстарға салып отырады. 2012  жылдан бастап, ірі кәсіпорындарға міндетті әлеуметтік инвестицияларды талап етті. Ұлттық стандарт қабылданды. Соған  сай жұмысшылардың еңбек қатынастарын сақтау қадағалау көзелді»,  – деді медиатренер Есенгүл Кәпқызы журналистермен болған тренингте.

Ұлттық стандарттың бірнеше принцптері бар. Біріншіден инвесторлар халықтың алдында есеп беріп отыруға міндетті. Себебі, жергілікті халықтың игілігін пайдаланып жатыр. Екіншіден экологияға зиян келтіріп жатыр.

Сол себепті ол компанияға қатысты барлық мәслімет ашық болуы шарт. Сайттарында кейбір ақпараттар ашық болмаса,  БАҚ өкілдері талап етуге құқылы. Тәртіп пен  этиканы сақтап, ақшаны берген кездегі бармақ басты көз қыстының болмауын бақылып отыруға тиіс. Мүдделі топтардың қажетімен санасыпғ заң үстемдігі қадағаланады. Халықаралық нормаларды сәйкес әрекет жасайды.

«Осы жерде ел өздері білместікке барып, құқықтарының тапталып жатқанына шынайы көзб жеткізбейді. Олардың арасында корпаративтік әлеуметтік жауапкершілікті қайырымдылық деп түсінетіндер бар. Компанияның бұл қадамы заңды тұлғаларға парыз. Осы тұста адам құқықтарының  қадағалануы маңызды мәселе», – деді спикер.

Мәселен, белгілі бір кәсіпорынның ашылған жеріндегі жасыл желекті көбейту үшін саябақ ұйымдастыру, ондағы халықтың игілігіне пайдаланылатын ауыз су құбырын салу немесе тазарту жұмыстары сол инвестордың міндетіне жатады.

Осы жер қойнауын игерушілер туралы ақпарат қаншалықты ашық болуы керек, дерек көздеріндегі датаны қалай зерттеуге болады деген саулдарға медиатренер Елнұр Әлімова байыпты жауап берді.

«Халық үшін ақпараттың ашықтығы игілігімізді келешекке жеткізіп отыруға мол септігін тигізеді. Сонда ғана тұтынар басты байлығымыз ұстағанның уысында, тістегеннің аузында кете бермейді. Мысалы,  Қазақстан алтын, қара алтын, мыстан өзге де волфрам, никел секілді табиғи шикізат қорына өте бай. Осыған бүгінде Қытайлар қызығып отыр. Дендеріне жеткен күнде Қазақстан өндіріп жатқан өнімнің  барлығы сол жаққа кетеді. Оны жасыл энергия өндіруге қолданады. Ол үшін біздердің көкейімізде кім қандай жер қойнауына игілік етіп жатыр деген сауал тұруы қажет. Қазақстан Өндіруші салалардың ашықтығының халықаралық бастамасына  өз еркімен ұмтылғалы осы мүмкіндікке қол жеткіздік. Осы қосылудың нәтижесінде ірі алпауыт кәсіпорындар ведмоствоға есеп беруге тиісті болды», – деді Елнұр Әлімова.

Енді осы бір ақпаратты шығарып алуға жасанды интелектің көмегі зор. Бұл туралы медиатренер Асхат Еркімбай тарқатып өтті.

«Жасанды интеллект – компьютерлік жүйелердің адамның ойлау қабілеттерін еліктеу мақсатында жасалған ғылым мен технология саласы, – деп түсіндірді Асхат Еркімбай.

ЖИ әртүрлі күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Оның негізгі түрлері көп. Тар (Нarrow) жасанды интеллект (Narrow AI)белгілі бір нақты тапсырманы орындауға мамандандырылған. Мысалы, дауысты тану, суреттерді өңдеу, автопилот жүйелері. Жалпы жасанды интеллект (General AI)адамның интеллектуалдық қабілеттеріне теңестірілген және кез келген тапсырманы орындауға қабілетті. Демек, ол ғылыми фантастикада көрініс табады.

Қазіргі уақытта мұндай технологиялар әлі жоқ. Супер жасанды интеллект (Superintelligence)Адамның барлық интеллектуалдық қабілеттерінен асатын жасанды интеллект.Теориялық концепция, болашақта болуы мүмкін деп болжанады.Жасанды интеллекттің қолдану салаларына  денсаулық сақтау, диагноз қою, дәрі-дәрмектерді әзірлеу, жеке медициналық кеңестер беру кіреді. Қаржы, несие алу мүмкіндігін бағалау, алаяқтықты анықтау, инвестициялық шешімдер қабылдауға да пайдаланылады.

Ал осы деректерді визуализациялау күрделі ақпаратты түсінікті және көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Әртүрлі визуализация құралдарын пайдалану арқылы кез келген мәліметтерді тиімді бейнелей аламыз.  бұл аналитика мен шешім қабылдауды жеңілдетеді. Ол туралы медиатренер Баубек Сағындық айтып берді

«Визуализация – деректерді графикалық түрде бейнелеу әдісі. Ол мәліметтерді оңай түсінуге, трендтерді байқауға және шешім қабылдауға көмектеседі. Визуализацияның бірнеше негізгі түрлері бар», – деді Баубек Сағындық.

Визуализацияның негізгі түрлері Сызықтық диаграмма . Ол белгілі бір  уақыт ішінде деректердің өзгерістерін көрсету үшін қолданылады.  Сандық мәліметтерді салыстыру үшін тиімді құрал.

«Визуализацияны қолдану мысалдары журналистикада  қоғамдық сауалнама нәтижелерін көрсетіп береді. Ол арқылы экономика және әлеуметтік мәселелер бойынша талдаулар жасай аламыз.Бизнес саласында сатылымдар мен табыстарды бақылап, маркетингтік науқандардың нәтижелерін бағалауға аса қажет», – деді спикер.

Қатысушалар екі күн бойы осы тұжырымдарды зерделеріне түйіп, тәжіри жүзінде іске асыуға машықтанды. Төрт топқа бөлініп, жеке үй тапсырмаларындағы мақалаларына қатысты дерек көздеріне шықты. Осы тауып алынған даталарға байланысты визуализация үлгілерін жасады. Енді өздері алған жобаларды екі ай ішінде Алматыға барып, қорғап шығулары тиіс. Байқаудың қорытындысы қазан айының ортасында белгілі болмақ.

 

Айбек ЖҮЗБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу