Экспедиция жұмыстары жалғасады

Экспедиция жұмыстары жалғасады

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің археологиялық зертханасы қызу жұмыс үстінде. Жақында ол жердің ғалымдары мен студенттері кезекті археологиялық экспедициядан оралды. Олар тек жаңа білім мен жаңалықтар әкеліп қана қоймай, зерттеу жұмыстарынан алған әсерлерін де бөлісті. ҚӨУ археологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері Ирина Шевнинаның айтуынша, экспедициялық  топ Денисов ауданындағы Қамысты қонысын зерттеуді жалғастырған.

«Зерттеу жұмыстарын толығымен аяқтау үшін бізге шамамен 100 шаршы метр аумақты екі жыл бойы қазу қажет болды. Қазба барысында үш металлургиялық құдық пен екі пеш табылды. Сонымен қатар, металлургиялық процестің көптеген іздері – керамика және жануарладың сүйектерін кездестірдік. Радиокөміртекті талдау қоныстың біздің дәуірімізге дейінгі ХХІ-ХVIII ғасырларға жататынын растады», – зертхананың аға ғылыми қызметкері.

Бұл жұмыстар жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп жүргізілуде. Зерттеулерге тек ғалымдар ғана емес, студенттер де белсенді қатысып жатқанын жоғарыда айттық. Экспедиция қатысушыларының айтуынша, биылғы қазба жұмыстары кезінде жаңбыр кедергі келтірген. Құдықтарға су тез жиналып, оны сорғылармен шығарып отыруға тура келген. Торғай геоглифтерінің айналасын да зерттеді. Өткен жылы ғалымдар Қараторғай сақинасынан ерлер мен әйелдердің қорғанын қазып, сенсациялық жаңалық ашты.

Бекзат ӨМІРБЕК

ҚӨУ студенті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті 

Жаңалықтармен бөлісу