Қостанай облысының полицейлері 8 келі марихуана тәркіледі

Қостанай облысының полицейлері 8 келі марихуана тәркіледі

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері марихуана есірткі заттарын заңсыз өткізуді жүзеге асырған Қостанай облысының тумасы, 50 жастағы ер адамды ұстады.

– Жеке тексеру барысында ұсталған адамнан ерекше иісі мен жасыл түсті заты бар 16 полиэтилен байламы табылып, тәркіленді. Бұдан әрі пәтерді тінту барысында шаруашылық сөмкелер табылды. Онда жасыл түсті заттар, электрондық таразылар, целлофан пакеттерінің орамы болды, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған заттар кептірілген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 8 келі. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Осы дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Жаңалықтармен бөлісу