Қостанайда тағы бір зауыт пайда болады

Қостанайда тағы бір зауыт пайда болады

ҚР Үкіметінің хабарлауынша халықты 360 жұмыс орнымен қамтамасыз еткелі отырған зауыт шойын құю арқылы жүк автомобильдерінің компоненттерін шығаруға арналған.

Жалпы инвестиция көлемі 78,2 млрд теңге, жобалық қуаттылығы жылына 45 мың тоннаны құрайды.

“Жыл басынан бері еліміз бойынша 570 млрд теңгеге 40 жаңа жоба пайдалануға берілді.  6,9 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін шамамен 1,4 трлн теңгеге 180-ге жуық жобаны іске қосу жоспарлануда. Барлық жобалар толық іске қосылған кезде олардың өндіріс көлемі шамамен 1,8 трлн теңгені, оның ішінде экспортқа – 0,4 трлн теңгені, импортты алмастыруға – 1,4 трлн теңгені құрайды”, – делінген ресми хабарламада.

Жаңалықтармен бөлісу