Жаңа Қағида – өңірлерге жаңа сипат береді

Жаңа Қағида – өңірлерге жаңа сипат береді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а.  2024 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығымен Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді, олар ағымдағы жылғы 29 маусымда күшіне енді.

Бұл өзгерістер бірінші кезекте ауыл тұрғындарының өмір сүру жайлылығын арттыруға бағытталған.

Жаңа қағидаларға жол, өтпе жол, көше, жеке тұрғын үй, уақытша құрылыстар, контейнерлік алаң, үй маңындағы жер учаскесі, абаттандыру объектісін ұстау, абаттандыру элементтері, қасбеті, гүлзар, көгалдандыру екпелері, газон, аумақты абаттандыру объектілері, контейнер сияқты бірқатар ұғымдар қосылды, олар іс-шаралар кешенін, жауапты тұлғаларды және оларды қысқы және жазғы кезеңде тазарту кезеңділігін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Егер бұрын Қағидалардың бұрынғы редакциясында аумақты жинау, қалдықтарды шығару, қасбеттерді ұстау және жарықтандыру тәртібін реттейтін нормалар болса, онда жаңа редакция қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша кеңейтілген.

Үйлердің, ғимараттардың, уақытша құрылыстардың меншік иелері (иелері) үшін міндеттеуші нормалар неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалған және аумақты жинау мен абаттандыруды жүзеге асыратын үйлердің, ғимараттардың меншік иелері, кәсіпкерлер мен мердігер ұйымдар арасында міндеттер бөлінген.

Тұрғын үйлердің меншік иелері:

1) үйдің, дуалдар мен қоршаулардың, сондай-ақ жер учаскесі шегіндегі уақытша құрылыстардың беткі жағының тиісті жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті. Оларды уақтылы жөндеу және бояуы тиіс;

2) тұрғын үйде белгіленген үлгідегі нөмірлік белгісі болуға және оны жарамды күйде ұстауға;

3) периметрі бойынша 5 метр шекарадағы жер учаскесін, іргелес аумақты тәртіпте ұстауға және оларды қоқыстан, жапырақтан, мұздан тазартуға, арам шөптерді шабуға, жиналған қарды әкімдік бөлген орындарға шығаруға;

4) газ құбырларының, кәбілдік және әуе электр беру желілерінің және басқа да инженерлік желілердің күзет аймағына ағаш отырғызуға жол бермеуге;

5) іргелес аумақта құрылыс материалдарын, отынды, тыңайтқыштарды, көң мен көң шламын және өзге де жылжымалы заттарды сақтауға жол бермеуге тиіс;

6) жеке фонарьларды, сыртқы жарықтандыру прожекторларын жарамды күйде ұстауға;

7) периметрі бойынша 5 метр шекарада іргелес аумақта орналасқан жасыл желектердің, жиек тастардың сақталуын қадағалауға;

8) уақытша құрылыстар арасындағы өртке қарсы ажырауларды босатуға;

9) машиналардың осы мақсаттар үшін көзделмеген жерлерде, оның ішінде тротуарлар мен жасыл желектері бар учаскелерде тұруына жол бермеуге;

10) құрылыс қоқыстарын тиісті полигондарға шығаруға;

11) қыс мезгілінде айына кемінде бір рет үйлердің шатырлары мен күнқағарларын тазалауға тиіс.

 

Ғимараттары мен жер учаскелері бар кәсіпкерлер:

1) толтырылуына қарай тазаланатын өз объектілерінің жанына урналар орнатуға, сондай-ақ қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет жөндеуге және бояуға;

2) контейнерлер болған жағдайда оларды жинауды, жууды және дезинфекциялауды жүзеге асыруға;

3)  периметрі бойынша 5 метр шекарадағы жер учаскесін, іргелес аумақты тәртіпте ұстауға және оларды қоқыстан, жапырақтан, мұздан тазартуға, арам шөптерді шабуға, жиналған қарды әкімдік бөлген орындарға шығаруға;

4) шағын сәулет нысандарын (мүсіндер, гүлдерге арналған вазалар, орындықтар, күркелер, балалардың ойнауына және ересек халықтың демалысына арналған конструкциялар) жөндеуді және бояуды жүзеге асыруға;

5) кәріз болмаған кезде стационарлық дәретханаларды таза және техникалық жарамды күйде орнатуға және ұстауға;

6) ғимараттардың төбесін тазалау кезінде меншікті жарнамалық конструкцияларды, кіру топтарын сақтау жөнінде шаралар қолдануға;

7)  плакаттарды, афишаларды, жарнамаларды тек арнайы орнатылған тақталар мен жарнамалық тумбаларға жапсыруға;

8) құрылыс жағдайында алаңдарды қоршауды көздеуге;

9) топырақ пен өзге де сусымалы материалдарды брезентпен жабылған күйінде ғана тасымалдауға;

10) соңғы автобус аялдамаларын және олар пайдаланылған жағдайда диспетчерлік пункттердің аумағын жинауды және тазалауды жүзеге асыруға;

11) жеке фонарьларды, сыртқы жарықтандыру прожекторларын жарамды күйде ұстауға;

12) периметрі бойынша 5 метр шекарада іргелес аумақта орналасқан жасыл желектердің, көгалдардың, жиек тастардың сақталуын қадағалау тиіс;

13) ғимараттың, дуалдар мен қоршаулардың, сондай-ақ жер учаскесі шегіндегі уақытша құрылыстардың беткі жағының тиісті жай-күйін қамтамасыз етеді.

Оларды уақытылы жөндеу және бояу қажет.

 

 

Абаттандыруды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдар мынадай                   іс-шаралар жүргізеді:

1) тиісті жерлерге шығару арқылы күнделікті қоқыстан, жапырақтан, қардан және мұздан тазарту;

2) жолдардың, көшелердің, тротуарлардың және өтпе жолдардың жүру бөліктерінің жабындыларын тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;

3) контейнерлерді, контейнерлік алаңдарды орнату оларды таза және техникалық жарамды күйде ұстау;

4) қоқыстарды, қалдықтарды және ҚТҚ жинау және шығару;

5) қоқыс салатын жәшіктерді толуына қарай тазалау, сондай-ақ қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет жалпы пайдаланылатын орындарда (саябақтарда, скверлерде, алаңдарда) жөндеу және сырлау;

6) жануарлардың өлекселерін жолдардан алып тастау;

7) кірме жолдарды, жолдарды, тротуарларды қоса алғанда, шаң түзілуін азайту және ауаны ылғалдандыру үшін аумақты суару;

8) субұрқақты күн сайын қоқыстан тазарту;

9) аулалардан жер үсті және жер асты суларын бұруға арналған су ағатын орларды, науаларды, құбырларды, дренаждарды тазалау және жинау.

 

Елді мекенді абаттандыру және жинауды ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру бұрынғыдай жергілікті атқарушы органдарда қалады.

Сондай-ақ, елді мекеннің аумағында мыналарға жол берілмейді деген тармақ қосылды:

– ғимараттар мен құрылыстарды жайластыру элементтерін, ескерткіштерді, мемориалдық тақтайшаларды, ағаштарды, бұталарды, шағын сәулет нысандарын және сыртқы көріктендірудің басқа да элементтерін бұзуға және бүлдіруге, сондай-ақ оларды өз еркімен қайта жасауға, қайта салуға және орнын ауыстыруға;

– аялдама пункттеріне, қабырғаларға, бағандарға, дуалдарға (қоршауларға) және осы мақсаттар үшін көзделмеген өзге де объектілерге жазбалар, суреттер салуға, қандай да бір хабарландырулар мен басқа да ақпараттық хабарламалар жапсыруға және ілуге. Жазбаларды, суреттерді, хабарландыруларды және басқа да ақпараттық хабарламаларды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көрсетілген объектілердің меншік иелеріне жүктелетінін атап өту қажет;

– жылжымалы мүлікті өз меншігіндегі жер учаскелерінің шекаралары мен қоршауларынан тыс жерге жинауға және сақтауға;

– ыдыстарды, өнеркәсіп тауарларын және өзге де сауда заттарын немесе объектілерді тротуарларға, көгалдарға, жолдарға, контейнерлік алаңдарға және оларға іргелес аумақтарға орналастыруға және жинауға, контейнерлік алаңдарға және оларға іргелес аумақтарға коммуналдық қалдықтар санатына жатпайтын қоқыстарды (құрылыс қоқыстары мен табиғи қоқыстар) орналастыруға;

– квартал ішіндегі және аула ішіндегі өту жолдарында темірбетон блоктарды, бағандарды, қоршауларды және басқа да құрылыстарды өз бетімен орнатуға.

 

Тәртіп бұзушылар бірінші рет ескерту арқылы және кейіннен жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

 

Осы Қағидаларды тиісінше қолдану аудан орталығының кешенді және орнықты дамуына ықпал ететін экологиялық қолайлы қалалық орта құруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу