Биыл қазақтың тұңғыш ағартушысы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің қайтыс болғанына 135 жыл толды. Осыған байланысты Мәриям Хакімжанов атындағы бастамашы топ өкілдері аяулы тұлғаны еске алу іс-шараларын қолға алды.
Белгілі тұлға, тәжірибелі ұстаз, профессор, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Хасенұлы бастаған топ Ыбырай Алтынсарин туған жерге зиярат етті. Бірінші кезекте Ыбырай Алтынсарин кесенесіне бас сұқты. Ізін ала қазіргі Мариям Хәкімжанова бұрынғы Щербаков ауылына жолға шықты. Онда мектеп мұражайын аралады.
“Бізді ол жерде өте жақсы қарсы алды. Мектеп директорының орынбасары Айсұлу Байтекенова мұражайда экскурсия жүргізіп, кенттен он шақырым жерде орналасқан Омар құдығына апарғысы келетінін айтты. Сол құдық басындағы үйде Ыбырай Алтынсарин дүниеге келген. Сапардың мақсаты тек дұға оқып, Ұлы ағартушыны құрметтеу ғана емес, біздің ұрпақтарымызға Ыбырай Алтынсарин есімді осындай керемет және ұлы ғалымның құндылығын жеткізу болды”, – дейді бастамашы топтың жетекшісі Қарлығаш Әбенова.
Сапар барысында Ұлы тұлғаның сіңірген еңбектері жайлы мәлімет жиналды.
Ыбырай алғаш білім ордасын Торғайда өз қолымен салдырғаны мұражай төрінде сайрап тұр. Қостанайдан қарағай ағаштарын ат арбамен алдырып, оларды торғайға апарады. Сол кезде ол не бәрі 19-20 жаста еді. Содан кейін барлық жерде мектептер мен қолөнер училищелері, қазақ қыздарына арналған училищелер, оқытушыларға арналған оқыту мектептері бой көтерді. Онда барлық пәндер оқытылды. 1884 жылы Ресейден шаруалар жаппай қоныс аударған кезде Ыбырай Алтынсарин орыс мектептерін де салдырған. онда олар да білім алды.
Қостанай–Торғай жерінде 1888 жылы 26 тамызда қоныс аударушылардың балаларына арналған орыс мектебі пайда болды. Онда тұңғыш рет 26 бала қабылданған. Қыздар мен ер балаларға арналған қолөнер колледждерінің іргесі қаланды. Ол ең алдымен 1881 жылы Троицк қаласында оқу орнын салуға қаражат бөледі. Өйткені сол кезде мектептерде сабақ беретін арнайы мұғалімдер болмаған. Онда Ыбырай Алтынсарин мұғалімдер мен оқушылардың жатақханасын салу үшін маңдай терін төгеді. Ол жерден кітапхана салынып, қазақстандық балаларымызға осылайша жағдай жасалады. Осыдан кейін ол өз қызметін өз Отанында бастайды, оқу орындар салуға рұқсат алады.
Олар: Қостанай қаласындағы қазақ-орыс мектептері, Әулиекөлдегі қазақ-орыс мектептері, қолөнер училищесі, Меңдіқара ауданындағы қазақ-орыс мектептері, Обаған жеріндегі қазақ-орыс мектептері, Кенералдағы ауыл мектептері, Жітіқарадағы қазақ-орыс мектептері, Ырғыздағы қазақ–орыс мектебі, қазақ қыздарына арналған училище, Қарабұтақтағы қазақ-орыс мектептері, Ақтөбедегі оқытушыларға арналған мектеп, Бөртедегі қазақ-орыс мектептері, Торғайдағы оқытушыларды оқытуға арналған мектеп, мектептер, қазақ қыздарына арналған училище, Қараторғайдағы қазаз–орыс мектебі.
Ы.Алтынсарин ағартушылық жолмен айналысып қана қойған жоқ. Қазақ хрестоматиясының авторы, Н. Крыловтың жарқын мысалдарын қазақ тілінде сөйлетті. Балаларға арналған, қазақтың тұрмыс-салт өнеріне қатысты өлеңдер мен әңгімелер жинағын шығарды.