Мақсат – жемқорлықтың алдын алу

Мақсат – жемқорлықтың алдын алу

Әлеуметтік құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлық қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің барлық салаларында жалғасуда. Нәтижесінде ол мемлекеттік органдардың имиджіне теріс әсер, сондай-ақ халықтың сеніміне нұқсан етіп, мемлекеттің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіреді.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін жағдайларды жою, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру қазіргі қоғамның басты міндеті болып отыр.
Бүгінгі таңда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі және кешенді сипатқа ие.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын бекітті және орындайды.
Жоспарға сәйкес қолданыстағы заңнаманы зерделеу және енгізілген өзгерістер бойынша мамандарға құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізіледі.
2022 жылы шектеулерді, тыйымдарды сақтау, заңнамада белгіленген міндеттерді орындау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың ережелері, оның ішінде пара алғаны және бергені үшін жаза белгілеу және т. б. мәселелер бойынша 16 оқыту семинары өткізілді.
Заңнаманы сақтау мәселелері Департаменттің 3 алқасында, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының қатысуымен өткен 9 семинарда тыңдалды. Азаматтармен электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Департаменттің ресми сайтында «Онлайн қабылдау» айдары бар.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты негізде ішкі талдау жүргізіліп одан әрі ұсынымдар әзірленеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етпей мүмкін емес, осыған байланысты Департамент ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақтылығы мен сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады. Барлық мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетіледі.
Департаменттің ресми сайтында бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу және олардың нәтижелері туралы материалдар орналастырылады.
Лауазымдық міндеттердің орындалуына, тыйымдар мен шектеулердің сақталуына, кірістер мен мүлік туралы декларациялардың тапсырылуына тұрақты негізде талдау жүргізіледі.         «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы» РМК Қостанай облысы бойынша филиалында 33 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, 9-ы қайта даярлаудан өтті.
Біздің мекеменің әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға төзбеушілік қатынасты қалыптастыру мәселелері бойынша анонимді сауалнама жүргізеді.
Департаментте және 20 аумақтық басқармада мемлекеттік қызметшілердің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, Сенім телефондары жұмыс істейді (Департаменттің сайтында орналастырылған). Бекітілген кестеге сәйкес басшылардың және Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауы жүзеге асырылады.
2022 жылдың кезеңінде және осы жылдың өткен кезеңінде Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзу мәселелері бойынша Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113, 207-кабинет мекенжайы бойынша жүгіну қажет, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілінің телефоны 21-10-58, сенім телефоны-56-83-90.

З.Елшібаева,
Қостанай облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
басшысының орынбасары

Жаңалықтармен бөлісу