Мәдениеттер диалогы: Беларуссияда ШЫҰ-ға қатысушы елдердің кездесуі өтті

Мәдениеттер диалогы: Беларуссияда ШЫҰ-ға қатысушы елдердің кездесуі өтті

Бүгін Витебскіде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлері кездесуі өтті. Оған Қазақстан, Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, ҚХР, Иран және Үндістан өкілдері қатысып жатыр.

Витебскіге ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин де келді. Қазақстанды ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов таныстырды. Ол өзара мәдени байланыстың маңыздылығын атап өтті.

«Мәдени диалогты сақтау және дамыту біздің мемлекеттер дипломатиясының негізіне айналып, шиеленістерді шешуге және өзара мүдделерді жақындастыруға ықпал етіп жатыр», – деп атап өтті Евгений Кочетов.

Келіссөз барысында қатысушылар жалпы атқарылған жұмысты қорытындылап, болашақ жобаларды белгіледі. Сонымен қатар «Дәстүр арқылы болашаққа» халықаралық жастар форумын өткізуді және «Евровидение» байқауының аналогын құру мүмкіндігін талқылады. Айта кетейік, кездесу Витебскіде 9-15 шілде аралығында өтетін XXXIII халықаралық «Славян базары» өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтармен бөлісу