Жолды су бұзып кетті: Торғай-Шилі-Аралкөл тас жолы жабық

Жолды су бұзып кетті: Торғай-Шилі-Аралкөл тас жолы жабық

Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлімет бойынша, Торғай-Шилі-Аралкөл бағытындағы тас жолдың 108-шақырымын қызыл су бұзып кеткен. Оқиға орнына ең жақын орналасқан елді мекен 15 шақырым жерде екен.

“Бүгінде жолдың су шайып кеткен бөлігінде полицейлер мен құтқарушылар кезекшілік жасап жатыр. Қазір ол жерде көлік кептелісі жоқ, сондай-ақ таяу маңдағы елді мекенге де қауіп төніп тұрған жоқ”, – делінеді хабарламада.

Жаңалықтармен бөлісу