Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары аясында Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданындағы “Жайлы мектеп” Ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.
Өңірде оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында 1 980 орындық 3 мектептің құрылысы аяқталуда. 2025 жылға дейін облыста тағы 9 мектеп салынады, оның 8 – і “Жайлы мектеп” жобасы аясында салынады. 6 мектепті биыл, ал 2 мектепті 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Ұлттық жоба аясында салынып жатқан барлық мектептер заманауи оқу жабдықтарымен және жиһаздармен жабдықталатын болады.
Ыңғайлы мектептердің жобалары қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған және мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке кіреберістері, спорт залдары мен асханалары бар бөлек блоктар тұрғызылады.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, жобаны іске асыру облыс бойынша мектеп жасындағы 6 300 баланы сапалы оқыту үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
Материал мен суреттерді облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынды