Өңір басшысы мен депутаттар жаңа баспаналардың құрылысымен танысты

Өңір басшысы мен депутаттар жаңа баспаналардың құрылысымен танысты

Бүгін Қостанай ауданы Алтынсарин ауылында және Қонай шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналып салынып жатқан үйлерге баспасөз туры ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға облыс әкімі, облыстың зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Әуелгі аялдама — Қонай шағын ауданы. Мұнда қазір 14 үй салынып жатыр. Бұл құрылысқа мемлекеттің қаржысы жұмсалмаған.

Алпауыт бизнесмендер мен “Қазақстан халқына” қорының қаражаты жұмсалған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

 

Таяу арада қожайындары тиесілі баспаналарына еніп, қоныс тойын тойламақ. Әр үйдің аумағы — 80 шаршы метр. Көлік тұрағына да қосымша орын қарастырылған.

“Тұрғындардың алдында екі таңдау болды: не екінші нарықтан, не сәл уақыт сабыр сақтап, жаңа баспаналарының салынуын күту. Мінекей, аса ұзақ тостырмай, заман талабына сай келетін үйлердің іші-сыртын көріп, сапасына көз жеткізіп тұрсыздар. Кезінде, 60-70 жыл бұрын саман мен қамыстан салынған үйлердің орнына су жаңа баспаналар салынып жатыр. Қуаныштарыңызға ортақпын”, — деді өңір басшысы.

Сондай-ақ тасқыннан жапа шеккен Алтынсарин ауылындағы құрылыс та ерекше қарқынмен жүріп жатыр.

Дәл қазіргі уақытта 21 үйдің тоғызы толық салынып біткен. Аудан әкімі Берік Таңжарықов қалған үйлердің 20 шілдеге дейін толық салынып бітеріне уәде берді.


Баспасөз туры мүшелері үйлерге кіріп, бөлмелерін толық аралап, жақсы бағаларын беріп, аз уақытта салынған баспаналардың сапалылығына таңданыстарын жасырмай айтты.
Толығырақ газеттің алдағы санына оқи аласыздар.

Жандос ЖҮСІПБЕК

Суреттерді түсірген — Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу