«Тобылдың» бас бапкері болып Нұрбол Жұмасқалиев тағайындалды деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Нұрбол Жәрдемұлы команда ойыншыларымен, жалпы Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс. Клубтың аңыз ойыншысы екені футболсүйер қауымға белгілі. «Тобыл» сапындағы алғашқы ойынын сонау 2000 жылы өткізді. «Тобыл» жейдесінде Нұрбол Жәрдемұлы барлық турнирлерде 500-ден астам матчқа қатысты.
Жұмасқалиев Премьер-лигадағы гол соққандар тізімінде рекордшы. Жартылай қорғаушы қостанайлық клубпен ел чемпионатын, Кубокты және медальдардың барлық жиынтығын жеңіп алды. Қазақстанның үздік ойыншысы және жартылай қорғаушысы атанды.
“Тобыл” футбол клубының серіктесі “Қостанай таңы” облыстық газеті Нұрбол Жәрдемұлының жаңа қызметіне табыс тілейді.