Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында этникалық спорт түрлерінен халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2500-ден астам адам қатысады.
Ойындар спорт, мәдениет және ғылым бағыттары бойынша ұйымдастырылады.
5-ші ДКО инфрақұрылымына «Астана Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайымен қатар «Алау» мұз сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені, «Думан» кешені сияқтыелордалық нысан кірді.
«Қазанат» ипподромы мен Этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және құс салудың ұлттық түрлерінен жарыстар, ат үстіндегі сайыстар бойынша жарыстар болады. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз сарайында ұлттық күрес түрлерінен, жекпе-жек түрлерінен және халық ойындарынан жарыстар, «Думан» кешенінде дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша жарыстар өткізіледі. Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ДКО Аккредиттеу және Жабдықтау орталықтары орналасады.
Қазанат ипподромының оңтүстік-батыс жағындағы іргелес 10 га аумақта орналасқан «Көшпенділер ғаламы» этноауылы ДКО мәдени бағдарламасын жүзеге асыруда негізгі алаңға айналады, сондай-ақ, мәдени бағдарлама Астана қаласының әртүрлі нысандарында (алаңдарда, саябақтарда, басқа да қоғамдық орындарда, театрларда, концерт залдарында, кинотеатрларда, мұражайларда, көрме павильондарында және т.б.) ұйымдастырылады.
Ойындардың ғылыми бағдарламасының іс-шаралары Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында жалғаспақ.
Дүниежүзілік ойындарға қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақ үй мен 343 көлік жұмылдырылады.
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМА
Жарыс 21 спорт түрінен өтеді:
- Асық ату
- Ордо
- Арқан тартыс Бәйге
- Көкпар
- Аударыспақ Теңге ілу
- Қазақ күресі
- Ашыртмалы аба гюреши Күрәш (өзбек күресі)
- Кок бору Алыш
- Мас-рестлинг
- Powerful nomad (алыптар сайысы) Тоғыз құмалақ
- Мангала Овари
- Жамбы ату
- Дәстүрлі садақ ату
- Құсбегілік
- Күрәш (татар күресі)
БИЛЕТТЕР
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына билеттерді Ресми Билет Операторының сайтынан сатып алуға болады.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жарысына ересектер билетінің баға диапазоны 500-ден 25 000 теңгеге дейін. Ашылу салтанатына билет құны 15 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейін қарастырылған. Ересектерге арналған билеттің орташа құны – 4000 теңге. Көрермендердің жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған.
Алты жасқа дейінгі балалар Ойындарға тегін кіре алады. Ал Көшпенділер ойындарына 6 мен 18 жас аралығындағы балалар 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Мысалы, «Теңге ілу» мен «Құсбегілік» жарыстарына билет құны 500 теңге болса, мектеп оқушылары үшін билет 250 теңге тұрады.
МЕДАЛЬ
Көшпенділер ойындарында 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны: 581 дана.
Медальда спорт, мәдениет, ғылым салаларын қамтитын негізгі 3 символ бедерленген. Осының барлығын Қазақстан халқының бірлігін білдіретін Шаңырақ көмкеріп тұр.
Медальдің ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі – ат үстіндегі Күн басты адамның таңбасы бар.
БЮДЖЕТ
Шығындарды оңтайландыру бойынша барлық шараларды жүзеге асыра отырып, бастапқы бюджеттен 1,7 млрд үнемделді. Бүгінде бюджет құны 5,7 млрд теңгені құрайды.
БАҚ АККРЕДИТАЦИЯСЫ
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына БАҚ өкілдері үшін аккредитация ашық. Тіркелу 2024 жылдың 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
Тіркелу үшін сілтеме: https://worldnomadgames.kz/kz/page/form-smi
ЕРІКТІЛЕР
Еріктілерден 4500-ден астам өтінім, оның ішінде Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Германия, Франция, Испания, Корея, Түркіменстан, Беларусь және Гана Республикаларынан өтініш келіп түсті. Ойындарға жалпы саны 1000 ерікті жұмылдырылады.
МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМА
Ойындардың ашылу рәсімінен бір күн бұрын «Көшпенділер ғаламы» Этноауылының ашылуы өтеді.
Бұл күні «Астана – көшпелілердің астанасы» атты жарқын театрландырылған қойылым көрсетіледі. Шараға ДКО-ға келген шетелдік қонақтар мен халықаралық спорт ұйымдарының басшылары қатысады.
Этноауылдың бірегей концерттік алаңында күн сайын мәдени шаралар өткізіледі. Соның ішінде Қазақстанның үздік қолөнершілерінің ең ірі көрме-жәрмеңкесі және шеберлер өз қолөнерінің қыр-сырымен бөлісетін шеберлік сабақтары болады. Еліміздің жетекші және бастаушы айтыскерлері қатысатын дәстүрлі «Айтыс» ақындар мүшәйрасы Этноауылдағы мәдени бағдарламаның ажырамайтын құрамдас бөлігі болмақ. «Көшпенділер ғаламы» фестивалі мәдениет әлеміндегі заманауи үрдістерді көрсетеді.
Іс-шаралар бағдарламасында этноауылдың ең кішкентай қонақтарына көп көңіл бөлінеді, олар көптеген ойын-сауық және танымдық ойын алаңдары мен этникалық стильдегі аттракциондарды тамашалайды. Сондай-ақ Этноауылда сән көрсетілімі өтетін подиум ұйымдастырылады. Этникалық сән фестивалі аясында этникалық киімдердің түрлі үлгілері, оның ішінде осы трендтің көшбасшысы – Global Nomads үлгілері ұсынылады.
Сондай-ақ, ДКО мәдени бағдарламасында кинофестиваль өткізу де қарастырылған.
Этноауылда жыртқыш құстарды салудан жарыстар және ұлттық күрес түрлерінен көрнекі қойылымдары өткізіледі. Ұлттық тағамдар фестивалі қазақ халқының қонақжайлылығы мен ақкөңілдігін паш етеді. Мұнда шеберлік сабақтары өткізіліп, әрбір келуші тамақ пен сусын дайындауға қатыса алады.Также культурная программа ВИК предусматривает проведение кинофестиваля.
Ойындар қарсаңында Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларында әсерлі театрландырылған іс-шара өткізу барысында жергілікті қасиетті бұлақтардың бірінен Дүниежүзілік ойындардың Ашылу рәсіміне апарылатын Су алынады. Аймақтың орталық көшелерінен өтіп, орталық алаңда құрметке ие болған керуен Қазақстанның астанасына аттанады. Өңірдің дәстүрі мен стилінде безендірілген «Керуен» құрамында Су толтырылған ыдыспен бірге Астанаға Ойындардың мәдени бағдарламасына қатысатын шығармашылық топтар келеді. Сонымен қатар, керуендер өңірлерден Астанаға қажетті мөлшерде киіз үй, ыдыс-аяқ, «Көшпенділер ғаламы» этноауылын ұйымдастыруға қажеттінің барлығын әкеледі. Ойындардың ашылу күні құрамында еліміздің барлық аймақтарының атынан келген, қолына қасиетті Су толтырылған Торсық ұстаған батырлар бар керуен Ойындардың ашылу рәсімі өтетін жерге жарқын шерумен аттанады. Қасиетті көздерден алынған Су ДКО ашылу рәсімінің шарықтау шегінің маңызды құрамдас бөлігі болмақ.
ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМА
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-11 қыркүйек аралығында Ұлттық мұражайда этноспортты дамытудың түрлі аспектілері зерттелетін «Көшпенді халық: тарих, таным, тағылым»халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Конференция келесі бөлімдерден тұрады:
Тарих және мәдениет–түркі әлемінің көшпелі дәстүрлері мен рухани байлығы; көшпелі мәдениет пен ұлттық спорт дәстүрлерінің еларалық ынтымақтастықты дамытудағы рөлі.
Спорт ғылымы –Қазақстан Республикасында және “Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына” қатысушы елдерде ұлттық спорт түрлерін дамытудың қазіргі жағдайы: ұлттық спорт түрлерінің қалыптасу тарихы мен идеологиясының мәселелері, саланың қазіргі даму жағдайын талдау.
Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы– өткен және қазіргі көшпенділердің тамақтануы; тамақтану мен адам микробиомасы арасындағы байланыс; сүт қышқылды бактериялар және оларды қолданудың соңғы дамуы.