«AMANAT» партиясының облыстық филиалы журналистер қауымын марапаттады 

 «AMANAT» партиясының облыстық филиалы журналистер қауымын марапаттады 

Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өңірдің бетке ұстар қоғамдық ақпараттық сала қызметкерлерін партияның облыстық филиалы төрағасы Алмат Досмұхамедов пен облыстық мәслихат депутаты Анатолий Злой құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

– «AMANAT» партиясы облыстық филиалының іс-шараларын және жалпы аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайды шынайы ақпараттық жариялауда лайықты үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Ел игілігі жолында адал қызмет етіп, әрдайым жағымды жаңалықтардың жаршысы бола беріңіздер, – деді Алмат Досмұхамедов.

БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпат табыс етілді.

Журналистика саласында талай жыл еңбек етіп, тәжірибелі маман бола білген бірқатар редактор, тілшілер партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің атынан арнайы алғыс хатқа ие болды.

Облыстық “Қостанай таңы” газетінің бетінде де партия қолға алған жарқын істер үзбей жарияланып келеді. Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов басылымның директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызын  ұжымның Алғыс хатымен марапаттады.

Партияның арнайы Алғыс хаты ана тілімізде шығатын облыстық газеттің фото тілшісі Бердіболат Көркембаевқа да берілді.

Биыл ауылдық елді мекендерде демеушілердің көмегімен бірнеше нысандар тұрғызылды. Қаншама балалар алаңы мен спорттық стадиондар салып берді. Күні кеше Береговое ауылында “Жарқын ауыл” жобасы басталды. Олыс әкімдігі мен “AMANAT” партиясының өңірлік филиалы “жарқын ауыл”аясында ауылдарды дамыту және абаттандыру жобасының іске қосылғаны туралы хабарлады. Бастаманы ауыл шаруашылығы өндірушілері мен жергілікті кәсіпкерлер қолдады. Береговое ауылын абаттандыруға шамамен 1 млрд теңге жұмсалатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бастама “Таза Қазақстан”жалпыұлттық науқанының аясында жүзеге асырылуда. Осы қайырымдылық шараларды елге насихаттайтын, әрине, БАҚ өкілдері.

– Депутаттың жұмысы мәжіліс алдында ақпараттық құрал жинаумен өтеді. Халықты әлеуметтік мәселелермен қабылдаған сәтте шенеуніктің дұрыс қадамға бармағанын түсіндіріп, ымырамен шешуге ұмтыласың. Кез келген сұраққа жауап беруге тура келеді. Осындайда БАҚ-қа жүгінесің. Жағдай екі жақты түсіністікпен бірден орнына келеді. БАҚ жұмысын түйіткілді дер кезінде реттеудің ең басты құралы деп түсінеміз. Журналист қауым дүниенің әр бөлшегіне салмақтап қарап, саралай білетін сезімтал да талантты тұлғалар, – деп атап өтті облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Злой.

Жаңалықтармен бөлісу