Жетінші жыл «IQanat» білім беру қоры ауылдың 8-сынып оқушылары арасында ең ауқымды олимпиаданың 3-кезеңін өткізіп жатыр. Аудандық, облыстық, республикалық кезең бойынша мақсаты биік, ынталы балаларды іріктеп, олардың қалалық құрдастары секілді сапалы білім алуына тең дәрежеде жол ашпақ.
Олимпиаданың екі кезеңі артта қалып, Қостанай облысының 17 ауданынан 37 дарынды оқушы Алматыдағы финалдық кезеңге аттанды.
Солардың бірі – Алтынсарин ауданы Обаған орта мектебінің оқушысы Анара Сайболатова. Ол 2024 жылғы “IQanat” олимпиадысының финалисті ретінде бақ сынағалы отыр.
“Шыны керек мен өткеніме өте қуаныштымын. Себебі осы олимпиадаға қатысқаным мен үшін бұл үлкен мүмкіндік. Бұл жерде өзімді отбасының бір мүшесі ретінде сезінемін. Өзіме сенімдімін. Сонда ғана адам өз мақсатына жете алады. Ал менің мақсатым, әрине, грант ұтып алу”, – дейді Анара Сайбулатова.
Қаныш Сәтбаев атындағы техникалық университетке «IQanat-2024» олимпиадасының республикалық слетіне еліміздің 60 мың ауыл оқушыларының арасынан іріктеуден өтіп, үздік нәтиже көрсеткен ауылдың ең дарынды 8-сынып оқушылары жиналады.
IQanat бағдарламасы – жыл сайын 70-80%-ы көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан 1000-ға жуық баланы қамтитын әлеуметтік білім беру жобасы. Осының арқасында балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсіп келеді. Қазір жоба түлектері әлемнің 15 елінде оқиды.
IQanat – табысты қазақстандық бизнесмендердің жобасы. Жобаны қолдай отырып, олар білім мен биіктерге ынталандыру түрінде күшті бастапқы мүмкіндіктер сыйлау арқылы ауыл балаларының өмір сүру сапасын өзгертуге ұмтылады. Қазір жобаны 150-ден астам қамқоршы қолдап үлгерді.
Финал 6 күн ішінде өтеді. Слет аясында 100 жеңімпаз анықталады, олар Қазақстанның ең мықты элиталық мектептерінің бірі – Бурабай ұлттық саябағының көрікті аумағында орналасқан «IQanat Higt School of Burabay» мектебіне грант алады.
“Өткен жылы «IQanat» жоғары мектебі халықаралық мектептер кеңесінің мүшесі болғанын, оның хай скул білімінің халықаралық стандартына сәйкес келетінін атап өткім келеді.Қалған жоғары мектепке сертификат ала алмай қалған финалисттерді олимпиададан кейінгі 3 жылдық қолдау бағдарламасына ие болады. Оған ҰБТ-ны сәтті тапсыруға дайындық, халықаралық емтихандарға қарқынды дайындау, ағылшын тілін оқыту, беделді Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары түсуге көмек, ең бастысы ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру курстары кіреді. Қордың барлық бағдарламалары ұзақ мерзімді”, – «IQanat» білім беру қорының Қостанай облысы бойынша аймақтық үйлестірушісі Гүлнара Берсагурова.
Тестілеу кезінде пәндік білімге емес, баланың қабілетіне баса назар аударылады. Сондықтан балалардың логикалық, сыни ойлау және кеңістіктік ойлауы, математикалық сауаттылығы, ағылшын тілін білуі және қатысушының таңдауы бойынша 6 пәннің бірі: математика, физика, химия, биология, тарих және география пәндері бойынша тестілеу жүргізілмек. Алматыда балалар қорытынды тестілеуге қатысып қана қоймай, нағыз зияткерлік және жігерлендіруші дәрістерден өтеді. Мектеп оқушыларын шабыттандыру үшін олармен табысты кәсіпкерлер мен инфлюенсерлер кездеседі. Балалар үшін бір апта бойы сарапшылар медиасауаттылық, АІ және дизайн ой, шешендік шеберлік/public speech, қаржылық және құқықтық сауаттылық, кәсіптік бағдарлау және мансап таңдау, көшбасшылық қасиеттер мен командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту сияқты тақырыптар жөнінде тренингтер өткізіледі.
Олимпиаданың қорытындысы биыл Медеу таулы спорт кешенінде өтетін салтанатты марапаттау рәсімі болмақ. Онда басқа жағымды дүниелерден тыс, барлық балалар үшін танымал әнші Әmre ән шырқайды.