Ол жобаны Денисов екінші мектебінің түлегі Тайыр Жанғабылов жүзеге асырмақ. Жеткіншек келешектегі осы бастамасын қорғап, облыстық ауыл жастары арасындағы жобалар байқауында жеңімпаз атанды.
Тайыр биыл мектеп бітірді. Бүгінде ҰБТ тапсыруға дайындалып жүр. Арасында осындай жобалармен айналысу оның үйреншікті әдеті.
“Маған бұл ой үш ай бұрын ғана келді. Біздің жақтағы жағалауда демалыс орындары жоқ. Жан-жағын Қостанайдағы «Мохито» секілді безендіріп, демалушыларға қажетті жағдай жасауды ұсынып отырмын. Бұл жобамды достарым да қолдап жатыр”, – дейді белсенді жас.
Кешекте село тұрғындарына арналған демалыс орынында арнайы үйшіктер мен кәуап дайындайтын жерлер ұйымдастырылмақ. Кезек бойынша тазарту жұмыстары жүргізіледі.
«Ондай орын ауданымыздың еш жерінде жоқ. Болашақта ойын алаңдары мен суда серуендейтін көліктер қою ойымызда бар», – дейді жоба жеңімпазы.
Байқауды ұйымдастырған облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен “Amanat” париясының жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты.
Жастардан отыздан астам ұсыныс түсіп, он жетісі қараудан өткен. Жоба жеңімпазы жүз мың теңгемен марапатталды. Әрі қарай жетілдіруге бір миллион теңге көлемінде сертификат табыс етілді.
«Бұл байқау аудан жастары арасында алғаш рет өтіп отыр. Жастар кеңістігін, ауылдық жерлерде олардың бос уақытын өткізуге арналған алаңды ұйымдастыруға бағытталған. Осы талап бойынша жастардан мамыр айында өтінімдер қабылданды», – дейді қоғамдық даму басқармасының бас маманы Юлия Буляканова.
Өтінімдерді қабылдау кезінде аудан әкімдігінен жобаны келісу және объектіні теңгерімге қабылдау арқылы оны іске асыруға жәрдемдесуге дайын екендігі туралы ұсыныс хат қоса берілген. Толығырақ газеттің алдағы санында.
Айбек ЖҮЗБАЙ