Cyberpol бөлімшесінің бастығы Олжас Магыпаровтың айтуынша, 40 жастағы қостанайлық simbox көмегімен абоненттік нөмірлерді қосумен айналысқан.
Бұл құрылғы қаскөйлердің өздерінің қылмыстық схемаларында қолдана алатын SIM карталарын виртуалды тіркеуге арналған.
Оған бір мезетте 64 симкартаны қоюға және оларды виртуалды нөмірлерді сататын әртүрлі интернет-сайттарда қосуға болады.
Мысалы, алынған бокстардың бірінен абоненттік нөмір бойынша сәйкестік анықталды. Оған алаяқтар Ватсапп-ты тіркеп, өздерің мемлекеттік қызметші ретінде таныстыра отырып, одан әрі адамдарға қоңырау шалған.
Қостанайлық 300-350 теңгеден бастап симкарталарды көтерме бағада сатып алып, олар simbox арқылы іске қосылғаннан кейін оларды бірнеше рет интернетте қайта сатып отырған.
Ол абоненттік нөмірлерді сату сайттарының бірінде сатушы ретінде тіркелгені және осы нөмірлерді пайдалану құқығын ақшалай сыйақы үшін әкімшіге бергені анықталды.
Одан барлығы 9 құрылғы, 3 ноутбук және 1500 симкарта тәркіленді.
Қазіргі уақытта қозғалған іс шеңберінде абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды заңсыз құру, пайдалану, тарату фактісі тексерілуде.
Бұл құқық бұзушылық үшін жарты миллион теңгеден астам ірі айыппұл немесе қырық тәулікке дейін қамауға алу көзделген.
Ведомствода тұрғындарды өздерінің жеке банктік шоттарын, карталарын және ЖК деректемелерін үшінші тұлғаларға сатпауға шақырады. Оларды алаяқтар жеке мақсатта пайдалана алады.
Материалды ұсынған облыстық полиция департаменті