Облыстық прокуратура өкілдері Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасымен жалпыұлттық пулға кіретін 36 өңірлік инвестициялық жобаға демеу көрсетті.
Биыл облыстық прокуратураның қолдауымен жалпы инвестиция көлемі 416 млрд теңгені құрайтын инвесторлардың 7 мәселелік кейстерін шешкен болатын.
Мысалы, «KamLit KZ» ЖШС инвесторы үш объектіде іске қосу-реттеу жұмыстары үшін газ қосу проблемасына тап болды (жүк автомобильдеріне арналған шойын құю зауыты, жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіру зауыты және жүк техникасының жетекші көпірлерінің арқалықтарын тереңдетіп оқшаулау жобасы), жобалардың құны 238 млрд теңгеден асады, оларды іске асыру кезінде 1150 жұмыс орны құрылады.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалы өкілдерінің қатысуымен фронт-офис жұмысы шеңберінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен инвестордың мәселесі шешілді.