Даңқты спортшыны еске алды

Даңқты спортшыны еске алды

Арқалық қаласында 8-9 маусым күндері қазақ күресінен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қонысқара Нұрғалиұлын еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр.

Сайыста Астана қаласынан, Қарағанды облысынан, сондай-ақ Ақмола облысының Аршалы, Шортанды аудандарынан, Лисаков қаласы, Рудный, Арқалық қаласы, Қостанай, Әулиекөл, Жанкелдин, Аманкелді аудандарынан 100-ге жуық жас балуан өзара мықтыны анықтайды.

Турнирдың ашылу салтанатына Арқалық қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Мәліков, «Тобыл – Торғай тарландары» қазақ күресі федерациясының

директоры Ерік Қонақбайұлы, Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Алматов және Қонысқара Нұрғалиевтың баласы Ораз Қонысқараұлымен бір топ спорт мамандары қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кету керек жерлесіміз, даңқты спортшы Қонысқара Нұрғалиев атындағы турнир осымен 3 мәрте ұйымдастырылып отыр. Мақсат – батырлардың ерлігін ұлықтау, өңірде қазақ күресі спортын дамыту.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды 46-келіде ойын көрсеткен Қайырбек Әбілқасымов, 50-келі салмақта Асхат Төлеу, 55-келі салмақта Диас Ерсаян, 60-келі салмақта Шерхан Есболат, 65-келі салмақта Айдос Ерлан есімді өрендер жеңіс тұғырынан көрінді. Республикалық турнир жалғасын табуда.

Тоғжан Әбдуалиева

Суреттерді түсірген автор

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу