Шұғыл қызметтің телефонына қоңырау келіп түсті. Онда абонент бала дауысымен облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар деп хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 9 жасар бала анықталды.
Белгілі болғандай, ол көшеде жүрген достарының көңілін осылай көтергісі келген.
Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды.
“Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, ата – аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралатын болады”, – деп атап өтті Басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.
Полицейлер шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.