Шығармашылық тапсырыстың ауқымы кеңейді

Шығармашылық тапсырыстың ауқымы кеңейді

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Артспорт» шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы 2021 жылғы  мамыр айынан бастап іске асырыла бастады. Бұл бағдарлама 4 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға шығармашылық үйірмелерге жергілікті атқарушы органдар бюджеті есебінен тегін қатысуға мүмкіндік береді. Оны іске асыруға 2021-2023 жылдар кезеңінде 2 млрд. 549 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаны іске асыру жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялар Платформасымен  тікелей байланысты. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов өңірлік коммуникациялар алаңында айтып берді.

Қазіргі уақытта шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы Қостанай облысында штаттық режимде жұмыс істейді. Ағымдағы жылы АЕК сомасының өзгеруіне байланысты өткізіліп тұратын сабақтарының сағат бойынша төлеу тарифтері өскен.

–Биыл 30 бағыт бойынша 230 шығармашылық үйірме жұмыс істейді. Өнім берушілер саны – 60.  Ағымдағы жылғы 15 наурызға қарай, белсенділірінген ваучерлер саны 6168-ге жетті. Ваучерлерді беру бойынша жұмыс бөлінген бюджет шеңберінде жеткілікті қаражат пайда болған кезде ақпараттық жүйемен автоматты түрде жүргізілетінін атап өткім келеді. Өйткені, объективті себептермен ваучерлері бар балалар сабаққа қатыспайтын кездер болады, сондайда ақша үнемделеді. Жыл басынан бері шығармашылық үйірмелердің қызмет көрсетушілері үйірмелерге бармайтын немесе 18 жасқа толған балалардың ваучерлерін мұрағаттау бойынша жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың ақпан және наурыз айларында кезекте тұрғандарға 900-ден астам ваучер берілді, – дейді басқарма басшысы.

Ағымдағы жылы наурыз айында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға кескіндеме, сурет салу, киім үлгілеу, кесу және тігу, визаж, грим, ұлттық (халықтық) би бағыттары бойынша бірқатар өнім берушілер қосылған. Биылғы жылдың қаңтар және ақпан айларында көрсетілген қызметтер үшін төлемдер 171 млн.теңге толық көлемде жүргізілген. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша өнім берушілер алдында берешек жоқ.

«Артспорт» бағдарламасы бойынша шығармашылық үйірмелер облыстың барлық қалалары мен аудандарында жұмыс істейді. Ең белсенді мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыратын «Айсұлтан» ЖК, «Айва студиясы» Байжанова ЖК, «С.М.Сейлова» ЖК, «Жұлдыз студиясы» ЖК, «Interdаnсе» ЖК атауға болады.

–Мәдениет басқармасы барлық шығармашылық тапсырысты іске асыратын өнім берушілермен байланыста. Ол үшін біз байланыс құралдардың барлық мүмкіндіктерін қолданамыз. Басқарма «Артспорт» ақпараттық жүйесінің әзірлеушілермен қолданыстағы платформаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Кейбір жекелеген функционалдарды қосу бойынша ұсыныстар енгізілді, – деді Ерлан Қалмақов.

 Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу