«AMANAT» партиясының 108 белсендісі «Таза бейсенбі» акциясына атсалысты

«AMANAT» партиясының 108 белсендісі «Таза бейсенбі» акциясына атсалысты

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. Бүгін партияның 108 мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері облыс бойынша аумақтарды тазалауға бір кісідей атсалысты.

«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов «Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарас қалыптастыратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқан аясында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының аудан-қаладағы әріптестерімізбен бірге «Таза бейсенбі» акциясына шықтық. Менің ойымша, өте жақсы бастама. Біз өзімізден бастасақ, «Жастар Рухы» жастар қанатының, барлық аудан-қала филиалдары жұмылатын болады. Бұл бір реттік акция емес, әр бейсенбі сайын қала аумағында түрлі учаскелерде қоқыс жинау жұмысын жалғастыратын боламыз. Жаздың аяғына дейін барлық аумақты тазлап шығамыз. Қала тазалығына осылай өз үлесімізді қосамыз», – деді ол.

Партиялықтар әр бейсенбі сайын осындай тазалық жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді.

Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітіледі. Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етумен қатар, қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу сияқты абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешеді.

Еске сала кетейік, су тасқынының қауіпті кезеңі аяқталғаннан кейін «AMANAT» партиясының 4 мыңға жуық белсендісі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері қарғын судан зардап шеккен тұрғындардың баспанасын ретке келтіруге көмектесті. Еліміздің барлық өңіріндегі барша партиялықтар саябақтарды, скверлерді, аулаларды тазартып, тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді тазалауда. Сондай-ақ сенбілікке шығып, ағаш егеді және өзге де іс-шараларды ұйымдастырады.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы әр бейсенбі сайын еліміздің әр облысында өткізіетін болады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Әйгерім МҰРАТБЕК,
ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу