Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін bugin.kz

Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін

Бұл ҚР Көлік министрлігі мен inDriveЯндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы 

Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр.

Қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып

жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды 

орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін

Көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігі жөнінде және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұратын болады.

Жалпы ҚР Көлік министрлігіІшкі істер министрлігіЯндекс Go және inDrive арасындағы Меморандум мобильді қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауын көздейді.

Құжатты іске асыру аясында платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отырОқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары егжей-тегжейлі қарастырылатын болады

Меморандумды әзірлеу барысында көзделген басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында

қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке қажеттіліктері мен кішкентай балаларға арналған 

орындықтарға қатысты ақпаратты  көрсететін қосымша функцияны енгізу жоспарда бар.

Көлік министрі Марат Қарабаев мобильді такси қызметіне тапсырыс беретін қосымша

операторлардың өкілдерімен кездесуінде автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігі және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне ішкі корпоративтік талаптарды енгізу мәселелерін талқылаған еді. Жолаушыларды тасымалдау саласындағы түйткілді мәселелерді шешуге нақты шараларды енгізу ұсынылыпнәтижесінде  Меморандумда көрініс тапты. Такси агрегаторының өкілдеріне жүргізушілердің жұмыс және демалыс тәртібін сақтау 

талаптарын күшейту ұсынылды.

Жаңалықтармен бөлісу