Ұлытаудағы командалық айтыста қостанайлық өнерпаздар жеңіске жетті

Ұлытаудағы командалық айтыста қостанайлық өнерпаздар жеңіске жетті

Жезқазғанда өткен “Ұлт ұраны – Ұлытау” республикалық командалық айтысында Тобыл-Торғай құрамасы Ұлытау тобынан басым түсті.

Ұлт өнерін насихаттауға арналған “Ұлытау үні” XXXIII аймақтық фестивалінде Қостанай облысынан Айбек Қалиев бастап барған топ жеңіске жетті. Топ құрамында азулы айтыскер ақындар, дәстүрлі ән өнерінің дүлдүлдері,  жампоз жыршылар мен майталман күйшілер бар. Топтық сайыста ұшқырлық пен ұтқырлық танытқан жерлестеріміз ұлытаулық қарсыластарын қапыда қалдырды.  Осылайша, қостанайлық команда бірінші кезеңде топ жарып, аралық жеңімпаз атанып отыр. Тұрпаты бөлек, мазмұны ерек айтыс әлі де жалғасады. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Жаңалықтармен бөлісу