5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалды

31 мамырда Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай салтанатты іс-шара өтеді.  Оған ұлттық спорт түрлерінің өкілдері, жаттықтырушылар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысады.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау және қала тұрғындарын алдағы көшпенділер ойындарымен таныстыру.

Меймандар үшін ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары өтеді:

  • Тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан шеберлік сабағы;
  • Қазақ күресінен ашық жаттығу;
  • Арқан тарту, асық ату, ләңгі ойындары;
  • Көшпелілер тақырыбы бойынша сұрақ-жауап ойыны.

ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының бірілесіп өткізетін іс-шарасы  Бәйтерек монументінің жанындағы алаңда (Достық көшесі жағынан) 17:00-де басталады.

Жаңалықтармен бөлісу