Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау өтініштерді қабылдау және өңдеудің «e-Otinish» бірыңғай платформасында жүзеге асырылады.
Ақпараттық жүйе мәліметтердібақылау және талдау үшін енгізілген, сондай-ақ шағымдарды қарау процесін бақылауға мүмкіндік береді.
«e-Otinish» – өтініш берушімен кері байланыс жасауға және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – әкімшілік орган) жұмысына баға беруді жүзеге асыратын жүйе.
Өтініштерді қараудың барлық тарихы ақпараттық жүйеде сақталады, әкімшілік орган бұрын қабылданған шешімдерді көреді және әкімшілік істі қалыптастырады.
Өтініштерді екі жолмен беруге болады. Азаматтар ХҚО немесе әкімшілік органға келіпөтініштерін қалдыра алады. Бұл үшін ХҚОөтініштерді қабылдайтын «Нәтиже» арнайы орталықтары құрылған. Бұл ХҚО операторы өтінішті қабылдап және оны «e-Otinish» жүйесінде тіркейтін жеке кабинеттері.
Әкімшілік органдардың қызметкерлері де өтініштерді дербес қабылдайды және оларды «e-Otinish» жүйесінде тіркейді.
Жолданымды тіркегеннен кейін арыз иесіне жолданымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, лауазымы, күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі.
Егерде ХҚО немесе әкімшілік органға баруға уақытыңыз болмаса, өтінішті «eGov» порталы, «e-Otinish», «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Жүйе өтініш берушілерге өз өтініштерін қарау барысын бақылауға және берілген жауаптың сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, треккинг функционалдығын пайдалана отырып, өтініш берушілер SMS-хабарламаларды ала алады және өтініштің белгілі бір әкімшілік органда қараудың қай сатысында тұрғандығын біле алады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес,
өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынатындығыназаматтарға еске саламыз.
Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасы БП ҚСжАЕК Қостанай облысы бойынша Департаментінің 53-70-71, 53-52-82 телефон нөмірлері бойынша жүгіну қажет.
Д. Жидебаев,
Қазақстан Республикасы
БП ҚСжАЕК департаментінің прокуроры.