Қостанайда сатушыны пышақпен қорқытқан қылмыскер саусақ ізімен анықталды

Қостанайда сатушыны пышақпен қорқытқан қылмыскер саусақ ізімен анықталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық ПД өкілдері оның Зорлық-зомбылықпен қорқыту арқылы ашық ұрлық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлайды.

Қостанайдағы дүкендердің бірінде белгісіз біреу сатушыны пышақпен қорқытып,  15 мың теңгені қолды қылған. Дүкен сөресінен алынған сұқ саусақтың ізі арқылы қаскүнемнің кім екені анықталды.

“Оның саусақ іздері бұрын “Папилон” автоматтандырылған саусақ ізін сәйкестендіру жүйесінің деректер базасына енгізілген болатын”, – дейді Қостанай қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің криминалисті Данияр Нұрқанов.

Айта кету керек, “Папилон” жүйесі саусақ ізі туралы ақпаратты енгізу  өңдеу, салыстыру арқылы  барлық процестерді барынша автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Қарақшылық дерегі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтармен бөлісу