Бүгін облыстың барлық мектептерінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өткізілді.Биыл Қостанай өңірінде 111 мың оқушы үшін оқу жылын қорытындылады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға құттықтау сөз сөйлеп, біздің балаларымыз оқуда, спортта және шығармашылықта нәтижелерімен мақтана алатынын атап өтті.
«Сіздердің еңбектеріңіз бен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі», – деді Ғани Бектайұлы.
Алдағы үш жылда Қостанай облысында 9 480 оқушы орынға арналған 12 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Мектептерде пән кабинеттері, STEM-зертханалардың саны көбеюде. Осы оқу жылында «IQostanai» оқушылар сарайы ашылды, онда ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық және эстетикалық бағыттар бойынша заманауи үйірмелер жұмыс істейді.
Қостанай қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің 10-сыныптарында да тәрбие сағаты салтанатты жағдайда өтті. Оқушыларды оқу жылының жоғары нәтижелермен аяқталуымен білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова құттықтап, жазғы демалысты сәтті, жарқын және шығармашылықта өткізуге тілек білдірді.
Сынып жетекшілері шәкірттерінің жетістіктерін ерекше жылулық пен мейірімділікпен атап өтіп, әрқайсына жеке тілек айтып, олардың жетістіктеріне шын жүректен қуанатынын жеткізді.
Балалар арасында кәсіби спортшылар, футболдан, бал билерінен, жекпе-жектен республикалық және халықаралық жарыстардың қатысушылары, сондай-ақ ғылымға құмар, олимпиадалардың жеңімпаздары, жас тілшілер мен мектеп театрының актерлері бар.
10 «А» сынып оқушысы Лейла Далакова өзін қолдағаны үшін сыныптастарына алғысын білдірді. Биыл ол мектеп президенті атанған. Лейланың алға қойған мақсаты жетерлік, дәрігер болу арманын орындау үшін әлі де көп күш жұмсау қажет. Алда он бірінші сынып бар, ол мамандық таңдау уақыты және ересек өмірге алғашқы, маңызды қадамдар жасалатын кезең.
Ал 11-сыныптарды алда әлі емтихан тапсыру күтіп тұр. Биыл 4265 түлек арасында «Алтын белгі» белгісі мен аттестатына 138, үздік аттестатқа 261 үміткер бар. Оларға тек сәттілік тілейміз!