Өнеркәсіптік кооперация аясында AGROMASH зауыты Локализациялық орталық қабырғасында CLAAS тракторларына арналған бөлшектерді шығаруды бастады.
«AGROMASH» зауыты «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС зауытымен бірге CLAAS ауыл шаруашылығы техникаларына арналған бөлшектерді өндіру және жеткізу туралы келісім-шартқа отырды.
«Бүгінгі таңда өнеркәсіптік кооперация аясында Локализациялық орталықта CLAAS тракторларына арналған алдыңғы жүктер және негізгі тораптар, сондай-ақ CERIO және VARIO орақтарына арналған көлік арбалары сияқты компоненттер өндірілуде. Локализациялық орталық Қазақстанда өндірісті локализациялауды арттыру үшін құрылған. Өткен жылдың өзінде зауытта 250 мыңнан астам компонент шығарылды», – дейді AGROMASH зауытының операциялық тиімділік жөніндегі директоры Бақтияр БАЛҒОЖИН.
Қостанайлық машина жасаушылар атап өткендей, заманауи жабдықтар мен білікті қызметкерлер қазақстандық ауыл шаруашылығы немесе коммерциялық техника өндірушілерге өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді орындау үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. «LOVOL»,«Deutz-Fahr» тракторлары мен комбайндар, «ESSIL» комбайндары және басқа да тіркемелі, аспалы техникалардың өндірістік желісінен басқа, кәсіпорын «Дон Мар», «ALLUR», Қостанай трактор зауыты, Технопарк және басқа компаниялар үшін қажетті компоненттерді шығарады.