«Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін кеңес алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.Акция 30 мамыр күні еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде өтеді.
Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.
«Халық заңгері» акциясы Қостанайда 30 мамыр күні сағат 16.00-де “Қостанай плаза” сауда орталығында өтеді.
Ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, Zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.
Көмектесу үшін бірігеміз!