Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс беруші есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қағидаларды бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланғаны айтылды.
“Жоба ҚР Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 8-тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мөлшері мен тәртібін айқындайды”, – делінген хабарламада.
Қағидаларға сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай ЖМЗЖ аударылған мына адамдарға беріледі:
- зейнеткерлік жасқа жеткен (63/61 жас);
- егер мүгедіктігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар.
ЖМЗЖ есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өмір бойы тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айы бойынша жүзеге асырылады.